Германия мен Австрия сапарды жеңілдету шешімін қабылдады. Германияның Deutsche Bahn мемлекеттік ұлттық теміржол компаниясы украиналық босқындарға арналған қосымша арнайы вагондар мен пойыздар үшін Польша теміржолдарымен ынтымақтастық орнататынын мәлімдеді.”Қазір украиналық төлқұжаттары немесе жеке куәліктері бар босқындар Польшадан Германияға дейінгі барлық пойызды тегін пайдалана алады”, – деді Deutsche Bahn өкілі. Өз кезегінде Германия үкіметі украиналықтарды қабылдауға және Украинамен шектесетін елдерге, соның ішінде Польшаға жаппай көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, Eurocity-дің Польшадан Германияға дейінгі 6 пойызы күн сайын жүреді. Барлығы Франкфурт – Одер шекара бекеті арқылы өтеді. Австрияның көлік министрі Леонора Гевесслер де OeBB public railway компаниясымен украиналықтар пойыздарда билетсіз жүре алуы үшін келісімге келгенін мәлімдеді.