Біржолғы зейнетақы жинағын балалардың еміне жұмсауға болады

Денсаулық сақтау министрлігі емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын өзгертті. Жаңа жоба “Ашық НҚА” порталына талқыға жарияланды. Бұл жоба бойынша біржолғы зейнетақы төлемін балалардың еміне пайдалануға рұқсат беріледі. Тіпті, жұбайының немесе жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға болады. Өтініш беруші медициналық мекемелерден шетелдік ұйымды да таңдай алады. Алушы ұсынған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатына сәйкес келсе, уәкілетті оператор құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін тексереді.