Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев осылай деп мәлімдеді. Мәжіліс отырысында депутат Самат Мұсабаев министрден кәдеге жарату төлемі мәселесі бойынша қандай шешім қабылданғанын сұрады. Ол президент 22 күн бұрын тапсырма бергенін еске салды. Кәдеге жарату алымын реттеу функциялары “Жасыл дамуға” берілген. Бүгінде кабель-өткізгіш өнімдері бойынша кәдеге жарату алымының мөлшерлемесі нөл болады деген шешім қабылданды. Ол бойынша кәдеге жарату алымы төленбейді”, – деді Брекешев. Министр “Жасыл даму” АҚ міндеттемелері кеңейгенін және ол толық жұмыс істейтінін жеткізді. Оның айтуынша, екінші деңгейлі банктерде “Жасыл даму” шоттарында шамамен 220 миллиард теңге бар. Кәдеге жарату төлемдері қабылданады. Министрлікте заң блогы, цифрлық технологиялар, бюджеттік жоспарлау департаменті өкілдерінен комиссия құрылды.