Алматы облысында жоғары лауазымды полиция қызметкерлері қызметінен босатылды

ІІМ тәртіптік комиссиясы төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысы бойынша полиция департаменті басшылығының өз міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қызметтік тергеу материалдарын қараған. Нәтижесінде облыстық полиция департаменті басшысының орынбасарлары мен Талдықорған қалалық полция басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik. Еске сала кетсек, бұған дейін Арыстанғани Заппаров Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған еді. Оған дейін бұл қызметті Серік Күдебаев атқарған.