WhatsApp мессенджерінде Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында COVID-19 қарсы вакцина алған балалар сабақ кезінде өзін нашар сезінгені туралы ақпарат тарады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake порталы. Желіде тараған хабарламада оқушылардың вакцинациядан кейін бірден ауырып қалғаны жайында айтылады. Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы КВИ қарсы вакцина салдырған балалардың ауырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Денсаулық сақтау басқармасының мамандары халықты тек ресми ақпаратқа ғана сенуге үндеді.