Вакцина алмағандар жұмыс күндері де сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін

Вакцина алмағандар жұмыс күндері де сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін. Бұл туралы Алматы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Сауда және ойын-сауық орталықтарына тек “жасыл” статусы бар адамдарды кіргізу мәселесі қаралып жатыр. “Атамекен” бұл мәселені талқылауға белсенді қатысады, өйткені сауда орталықтарында көптеген кәсіпкер жұмыс істейді”, – дейді Салтанат Лесбаева. Ол сондай-ақ сауда орталықтарында кірісі төмендеуі мүмкін басқа да қызмет түрлері бар екенін айтып, бұл мәселенің денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе шешілетінін жеткізді.