Қарағандыда адам өлтірген күдіктілер қолға түсті

Қарағандыда адам өлтірген күдіктілер қолға түсті. Олар қымбат көлікті тізгіндеп, қаладан шығып кетпекші болған, деп хабарлайды «Хабар 24». Қарағандыдағы жеке үйдің ауласынан екі адамның мәйіті табылып, дереу күдіктілерді іздеу қолға алынды. Полицияның шұғыл шара қолдануының нәтижесінде оқиғаға қатысы болуы мүмкін екі адам қолға түсті. Күдіктілер екі азаматқа пышақ жарақатын салып, қылмыс орнынан Land Cruiser Prado автокөлігін ұрлап кеткен. Бірден «тосқауыл» операциясы жарияланып, күдіктілер ұсталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.