Биыл елімізде бір вице-министр, 13 әкім, 4 судья және 28 басқарма басшысы жемқорлық дерегімен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов баспасөз мәслихатында мәлім етті. Десе де парақорлық былтырмен салыстырғанда 34 процентке азайған. Бас-аяғы 1 жарым мыңнан астам іс қаралып, 1280 адам жауапқа тартылды, – дейді агенттік төрағасы. Жемқорлық жайттары көбіне Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласында, ал салалар бойынша денсаулық сақтау, әлеуметтік, білім беру және ауыл шаруашылығында жасалады.