Қырғызстан мен Ресейден келген көліктерді қашықтан тіркеуден шығаруға бола ма?

ІІМ алғашында Ресей мен Қырғызстанда тіркелген көліктерді тіркеуден шығару қалай жүргізілетініне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Бұл жұмыс ҚР ІІМ басшылығының бақылауында. Нәтижесі оң болса, халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланады. Осы уақытқа дейін көлік құралын өзге елде тіркеуден шығару иелерінің өздеріне жүктеледі. Айта кету керек, көлік құралын есептен шығару тіркелген елдің заңнамасы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады”, – деді ІІМ өкілдері. 23 қаңтар мен 20 ақпан аралығында 34 мыңнан аса көлік заңдастырылған. 77 мыңнан аса көлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірленген бірліктерді салыстырып, әрі қарай тіркеуге жіберілді. Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.