Акционерлер Илон Маскті сотқа берді

Олар “Тесла” компаниясының бас директорына 4 жыл бойы жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр. Тағылған айып бойынша, кәсіпорын электрлі көліктердің автопилот жүйесінің қауіпсіздігі жөнінде бірнеше жыл қатарынан жалған ақпарат беріп келген. Соның кесірінен жол апаттары жиілеп, адам өлімі мен жарақат алғандар саны артқан. Ұжымдық арыз жазғандар Илон Маск пен оның компаниясынан өтемақы талап етіп отыр.
Бұған дейін АҚШ-тың Жол қозғалысының қауіпсіздігіне жауапты ұлттық басқармасы “Тесланы” 360 мыңнан астам электр көлігін кері қайтаруға мәжбүрлеген болатын.