Қырғызстан парламентінің депутаттары ел президенті Сооронбай Жээнбековтің импичмент процедурасын бастады. Бұл туралы Риа Новостиге Атамекен партиясының депутаты Каныбек Иманалиев хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні парламент сайлауының қортындысына наразы жұрт жаппай шеруге шықты. Наразылар парламент ғимаратын, Ақ үйді басып алды. Елдің премьер министрі Куатбек Боронов өз еркімен қызметінен кетті. Өз кезегінде баспасөз хатшысының айтуынша, президент Сооронбай Жээнбеков Бішкекте және жағдайды бақылауда ұстап отыр.