Қырғызстанның Бас прокуратурасы Тәжік тарапының әрекеттері әскери агрессия ретінде қарастырылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды 24.kg. қарулы топтардың Қырғызстанның қарусыз бейбіт тұрғындарына мақсатты түрде шабуыл жасағанын мәлімдеді. Осыған байланысты қырғыз тарапы бейбіт тұрғындарды Лейлек және Бәткен аудандарының жекелеген елді мекендерінен эвакуациялау бойынша шаралар қабылдады, содан кейін “Тәжікстанның әскери қызметшілері мен бандалық құрылымдары Тәжікстанның аумағына үй малын, автокөліктерді айдап әкетумен жергілікті халықтың мүлкін тонауды бастаған”. Бас прокуратура мәліметінше, қарулы шабуыл жасаудың салдарынан Қырғызстанның 36 азаматы қаза тапты, олардың үшеуі әскери қызметші, қалғаны – бейбіт азаматтар, оның ішінде екі жас бала, республиканың медициналық мекемелеріне жатқызылған 180-нен аса азамат жарақат алды, олардың басым бөлігінің жағдайы өте ауыр, қақтығыс аймағынан 33 мыңнан аса азамат эвакуацияланды.