Тиісті бұйрыққа Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі қол қойды. Құжатта барлық мемлекеттік мәдени-ағарту мекемелерінде өткізілетін концерттердегі вокалдық қойылымдардың барлығында жанды дауыспен өнер көрсету керектігі айтылған. Бұйрықтың орындалуын министр қадағалайтын болады.