Министр Сүлейман Сойлу Ыстамбұлдағы жарылыстың артында Күрдістан жұмысшы партиясы тұрғанын мәлімдеді. “Біздің қорытындыға сәйкес, бұған Күрдістан жұмысшы партиясы террористік ұйымы жауапты. Бұған дейін 21 адам ұсталған. Бомба қойған адам қамауға алынды. Жақын арада бізді осы азапқа салғандарға мұны бірнеше есе қылып қайтарамыз”, – деді Сойлу. БАҚ қызметін бақылайтын Түркияның Жоғары радио және теледидар кеңесі оқиғадан кейін көп ұзамай жарылыс пен оның салдарын көрсетуге уақытша шектеулер қойды. Түрік ақпарат құралдарының мәліметінше, жарылыстан алты адам қаза тапқан, 81 адам жарақат алған.