Елімізде 20 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет синоптиктері 15-17 қарашадағы ауа райын жариялады. Олардың мәліметінше, республиканың ауа-райына әлі де атлантикалық циклон өз әсерін тигізеді. Елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты екпінді жел 15-28 м/с сақталады. “Аптаның соңында солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауы және температура фоны төмендейді”, – делінген хабарламада.