Қытайда екі адам коронавирусты екінші рет жұқтырып алды

Қытайда екі адам коронавирусты екінші рет жұқтырып алды. Олар осының алдында диагнозына қарай ем алып, Covid-19 дертінен құлан таза айыққан еді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Хубэй провинциясының 68 жастағы тұрғыны бұл вируспен осыдан алты ай бұрын ауырып шыққан екен. Ауруды жеңіп шыққан науқасқа аталған диагноз жуырда тағы қойылды.

Мамандар ондағы ауру белгілері симптомсыз өтіп жатқанын хабарлады. Кей мамандардың болжауынша, коронавируспен ауырып шыққандардың ағзасында дертке қарсы иммунитет тек бірнеше айға ғана пайда болады. Науқас вируске екінші рет шалдығуы ықтимал дейді.

Ал, кей Оңтүстік Корея ғалымдарының топшылауынша, науқастарда екінші рет анықталған дерт ағзадағы коронавирустың өлі бөлшектері болуы мүмкін. Айтуларынша, бұл вирус өзге адамдарға жұқпауы да мүмкін.