“Қыз зорлады” деп айыпталған ақтөбелік кәсіпкер ақталды. Ол “Нұр Отанға” қайта қабылдануы мүмкін

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты “кәмелетке толмаған қыз баланы зорлады” деп айыпталған кәсіпкер Аркадий Ниді 30 қараша күні ақтап шықты. Ақтөбеде облыстық мәслихат депутаты былтыр желтоқсанда істі болып, “Нұр Отан” партиясы қатарынан шығарылған еді. Ауыр айып тағылған соң биліктегі партия қатарынан шығарылған ақтөбелік кәсіпкер Аркадий Ни енді партияға қайта қабылдануы мүмкін. “Нұр Отан” партиясы Ақтөбе филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов “үкімнің заңды күшіне енуін күтеміз. Шешімді республикамен ақылдасып қабылдаймыз” деді.