Ұлттық банк Назарбаевтың бейнесі бар 20 мың теңгелік банкнотты айналымға шығарды

Қазақстанда елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген номиналы 20 мың теңгелік жаңа банкнот айналымға шықты. Бұл жөнінде Қазақстан ұлттық банкінің ресми сайты жазды. Ұлттық банк мұны “Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған” шара деп сипаттағанымен, ақпарат елдегі өзге мемлекеттік мереке – тұңғыш президент күні жарияланып отыр. 20 мың теңге – Қазақстан ұлттық валютасының номиналы ең үлкен банкноты. Құны – шамамен 46 АҚШ доллары. Қазір жаппай айналымда жүрген басқа номиналды теңгелерде адам портреті жоқ.