Өңірдің бас мемлекеттік саниатрия дәрігерінің қаулысына сәйкес, жекелеген объектілердегі карантин талаптары жұмсарады. «Сыйымдылығы 150 адамға дейін, толымдылығы 25%-тен аспайтын мешіттерде, ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат берілді. Білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-ші сыныпты қоса алғанда, оқу бітіретін 9, 11 сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілді» делінген қаулыда.