Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы болды

Сайлау федерацияның конференциясы барысында өткізілген деп хабарлайды olympic.kz. Танымал гимнаст Әлия Юсупова өзі үшін бұл тосын сый болғанын, және бас бапкер ретінде қызметін жалғастыра беретінін айтты. Бұған дейін гимнастика федерациясының басшысы қызметін Үміт Шаяхметова атқарған болатын.