Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл ақпаратты жергілікті БАҚ хабарлады. Көктем айларында Ысқақовтың “Алаяқтық” бабы бойынша күдікке ілінгені хабарланған еді. Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, оның екі орынбасары әрқайсысы – 6 жылға, қылмыстық іс аясында айып тағылған тағы екі кәсіпкердің әрқайсысы 5 жылға сотталған. Оларға түрме жазасы берілген. Қызылорда облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары “Сыр мейірімі” қоғамдық-әлеуметтік қорына тиесілі 80 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деп айыпталуда.