Қызылорда облысының тұрғындарына картоп, көкөніс, бақша өнімдерін егу үшін жер телімдері тегін беріледі. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маусымдық науқан аясында З мың гектар алқап белгіленіп қойылды. Қазір ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары жер игеруге ниетті сырбойылықтардың тізімін жасақтау үстінде. Жергілікті билік егіншілерге тұқым тауып беруге де көмектеседі. Одан бөлек күздігүні агроөнімді тасымалдау, сақтау және сату жұмыстарына да жәрдем береміз деп отыр. Бүгінгі таңда барлық аудан мен облыс орталығында егіс алқаптары тегістеліп, су өткізу нысандары жөнделіп жатыр. Шаруалар енді 10-15 күнде көктемгі дала жұмыстарына кіріседі.