Тоқаев Смайыловқа бюджетке бақылауды күшейтуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылау мәселелері туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорда. Қазақстан ЖІӨ-нің нақты өсімі 4 пайыз, ал мұнай бағасы барреліне 85 доллар болады деп жоспарланып отыр. Президент елдің дамуына әлеуметтік-экономикалық тұрғыда барынша оң ықпал ету мақсатында бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.