Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекске осындай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Ірi мөлшерде сыйақы алғандар 3 000 АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiн айыппұл арқалайды. Не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Ашық НҚА порталында осылай деп жарияланған. Айта кетейік, қолданыстағы заң шеңберінде мұндай әрекет жасағандарға ең қатал жаза ретінде 2 жылға соттау, осы мерзімге бас бостандығын шектеу немесе 6 млн 900 мың теңге айыппұл салу шаралары қолданылады. Құжат 17 шілдеге дейін көпшілік талқылауында болады.