Қазақстанда ынтымақты және базалық төлемдерді қосқанда зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңгені құрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, қаңтар айында республикалық бюджеттен 274,1 млрд теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 84,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 189,9 млрд теңге. “2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге”, – делінген хабарламада. Қазір республикада 2 млн 292 мың зейнеткер бар.