Зеленский Беларусьтегі жаппай наразылық шараларына қатысты пікір білдірді. “Біздің көршіміз – белорусьтер қазір қиын кезеңді басынан өткізіп жатыр. Олар өздерінің алдағы даму векторын анықтауға тырысуда. Бұл – оңай емес.
Елде сайлаудың алдын ала қорытындысымен бәрі келіспейтіні көрініп тұр”, – деп жазды Facebook желісінде. Ол Беларусь азаматтарын диалог құруға үндеді. Диалог қана елді дағдарыстан шығаруға, алдағы қадамдар мен қоғамдық қарым-қатынас форматын талқылауға мүмкіндік береді деді.