Тоқаев Лукашенконы президент болып қайта сайлануымен құттықтады

Тоқаев Лукашенконы президент болып қайта сайлануымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхатын жолдағаны туралы  Ақорданың ресми сайтында жарияланды. “Саяси жағдайдың күрделі болғанына қарамастан, сайлаудың қорытындысы халық Сіздің Беларусь мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға негізделген стратегиялық бағытыңызды қолдайтынын көрсетті” делінген жеделхатта. Еске салайық, Беларусь орталық саулау комиссиясы президент сайлауының алғашқы нәтижелерін шығарды. Александр Лукашенко 80,23 пайыз дауыс жинады, оның кандидатурасын 4 миллион 652 мың адам қолдаған.