Зеленский Путинге бейнеүндеу жариялады

Онда ол Ресей президенті Владимир Путинмен “Украинадағы Донбасстың кез келген жерінде” кездесуге дайын екенін және Украина Ресейден қорықпайды деп айтты. Бұл туралы  “Украинская правда” хабарлады. “Норман төрттігі” кеңесшілері мен Үш жақты байланыс қауіпсіздік тобының отырысында атысты толық тоқтату режимін қалпына келтіру талқыланды. Бірақ барлық тараптың қолдауына қарамастан, Ресей жалпы мәлімдемені қолдаудан бас тартты. Зеленский украиналықтардан ақпарат тазалығын сақтауды, ақпаратты тексеруді сұрады және армия агрессорға қарсы тұра алатынына сендірді. “Біздің мемлекеттік шекараларымызда ресейлік әскерлер шоғырланған. Ресми түрде Ресей мұны оқу-жаттығу шарасы дейді. Бейресми түрде, бүкіл әлем мұндай әрекетті бопсалау деп атайды. Украина бейбітшілік үшін дипломатиялық жолмен күресуді ешқашан тоқтатпайды. Украина қандай жағдай болмасын өзін қорғайды. Біздің ұстанымымыз қарапайым: Украина алдымен соғыс бастамайды, бірақ Украина әрқашан соңына дейін күреседі”, – деді Зеленский.