Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Жарияланған Әлиев жарлығында орталық сайлау комиссиясына сайлауды Әзербайжанның сайлау этикасына сай өткізу қажеттігі жөнінде нұсқаулық берілген. Кавказдағы мұнайға бай елді Ильхам Әлиев 2003 жылдан бері басқарып келеді. Оған дейін әкесі Гейдар Әлиев елді 20 жыл басқарған. Әлиевтің авторитарлық билігі тұсында елде саяси белсенділік пен адам құқықтары тұншықтырылды. Әзербайжанда президент сайлауы соңғы рет 2018 жылы 11 сәуірде өткен. Заң бойынша келесі сайлау 2025 жылы өтуге тиіс болған. Әзербайжан Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, президенттік мерзім 5 жылдан 7 жылға ұзартылды.