Елімізде 1 қаңтарда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады

Келер жылы кез келген мекеме басшылары, құрылтайшылар мен жеке кәсіпкерлер Қазақстанда ғана емес, шетелде де тіркелген мүлігін декларациялауы керек. Бұл міндетті. Алдымен 250-ші “Кіріс декларациясы” тапсырылады. Бұл “Активтер мен міндеттемелер туралы декларация”. Кейінгі жылдары 270-ші “Кірістер мен мүлік туралы декларацияны” тапсыру керек. Кіріс декларациясында құны 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын барлық мүлікті көрсету қажет. Биыл бұл 3 450 000 теңге болса, 2024 жылы 3 692 000 теңгеге тең. Қоса кетейік, мемлекет базасында, Қазақстанда тіркелген жылжымайтын мүлік пен автокөлікті – декларацияға енгізудің қажеті жоқ.