Еліміз бойынша 133 мың студенттің шәкіртақысы артады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев хабарлады. “Магистратура бойынша шәкіртақы 15 пайызға артпақ. 76 950 теңгеден 86 987 теңгеге өседі. Сонымен қатар докторанттардың да шәкіртақысы 15 пайызға көбейеді. Қазір 172 500 теңге болса, жаңа оқу жылынан бастап 195 000 теңгеге артады”, – деді Қуаныш Ерғалиев. Еске сала кетсек, бұған дейін мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова соңғы қоңырауда мұғалімдерге гүл беруге болатынын айтты.