Елімізден Ресейге қатынайтын мемлекетаралық пойыздар қайта іске қосылады

Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге теміржол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға қарсы ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті, деп хабарлайды ҚТЖ-ның баспасөз қызметі. Егер жолаушыларда ПТР тестінің нәтижелері болмаса немесе COVID-19 қарсы екпенің паспорты болмаса, вагонға отырғызуға жіберілмейді. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады.