Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деп мәлімдеді. Бұл қаражат әкімдіктер мен облыстық басқармаларды жаңа облыстарға көшіруге, олардың жұмысын ұйымдастыруға қажет. Өңірлерде басқару схемалары бекітілгеннен кейін облыстық басқармалар құрылып, тиісті кадрлық тағайындаулар жүргізіледі. Үкімет тиісті қаулы қабылдап, оған қосымша бөлімшелер бөле отырып, қайта құрылған және жаңадан құрылған облыстар аумағындағы әкімдіктердің штат санына шектеулер белгіленді. Әлібек Қуантыровтың айтуынша, жаңа облыстардың әкімдерінде үш орынбасар болуы мүмкін.