Жаңаөзенде қылмыскерлер инкассатордағы үш қап ақшаны ұрлады

Жаңаөзенде қылмыскерлер инкассатордағы үш қап ақшаны ұрлады. Қаптарда 62 жарым миллион теңге, 20 мыңға жуық доллар, 495 мың ресей рублі болған. Одан бөлек, олар Kaspi мультикассетасын алып кеткен деп хабарлайды Tengrinews.kz. Инкассатор жүргізушісі шабуыл жасаған ақ Nexia көлігіне бес рет оқ атқан. Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы “ұстау” жоспарын жариялады.