Алматы “сары” аймақтан “жасыл” аймаққа оралды

Алматы “сары” аймақтан “жасыл” аймаққа оралды. Мегаполистің коронавирус таралу көрсеткіші бойынша мәліметті ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау сайты хабарлады. Қазір “жасыл” аймақта Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент бар. Ал “сары” аймаққа Атырау, ШҚО және Нұр-Сұлтан кірсе, “Қызыл” аймақта Қостанай, Ақмола, Павлодар және СҚО бар.