Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалғандарға жаңа пәтер беріледі

“ҚазМұнайГаз” баспасөз қызметі осылай деп мәлімдеді. ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ жарылыстан қаза болғандардың отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді. Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға барлық қажетті көмек көрсетіледі”, – делінген хабарламада. Айта кетейік, бүгін Жаңаөзен қаласында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, газ жарылған. Соның салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.