Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты басты сот басталды

Сот отырысы Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Істі судья Бағлан Ыдырысов қарайды. Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына ауа райына байланысты №64 мекемеден онлайн режимде қатысады. Еске салайық, 2022 жылғы мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынған болатын. Ол кезде Мұхамедиұлы ұлттық музейді басқарып тұрған еді. 28 мамырда сот санкциясымен Мұхамедиұлына қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.