Жаңа жыл қарсаңында ішкі істер органдары күшейтілген қызмет түріне көшеді. Мереке қарсаңында министрлік тұрғындарға өз мүлкіне мұқият болуға, карантин мен денсаулық сақтау ұйымдары ұсыныстарын ұстануға кеңес берді. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде. Автопатрульдердің саны көбейтіледі. Қоғамдық орындарда бейнебақылау күшейтіледі. Полиция жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сату және оны адамдар көп жиналатын жерлерде пайдалануға жол бермеу бойынша тексеріс жүргізеді.