BMW жүргізушісі Алматыда полицияның 3 көлігін қағып кетті

BMW жүргізушісі Алматыда полицияның 3 көлігін қағып кетті. Жол апаты Жетісу аудандық полиция бөлімі ғимаратының жанында болған. Бүлінген көліктердің барлығы полиция қызметкерлеріне тиесілі. Ұйықтап кеткен BMW жүргізушісі қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, жолдың шетінде тұрған Toyota Camry-ге, одан кейін жақын маңдағы Subaru және Hyundai маркалы көліктерін соққан. Жол-көлік оқиғасынан жүргізуші зардап шекпеген.