Жақсылық Үшкемпіровты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі отбасы ішінде өтеді. Грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионымен қоштасу рәсіміне қатысты шаралар бір жылдан кейін болады. Алматы қаласының әкімдігі осылай деп хабарлады.
Еске сала кетсек, 2 тамызда мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Еңбек Ері, әлем және Еуропа чемпионы, “Барыс”, “Құрмет”, “Парасат” ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында өмірден озды.