Қазақстанда пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен

Қазақстанда пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. Ол соңғы екі жылдағы пневмонияға қатысты біріккен статистика туралы айтты. “2019 жылы 2 тамызға дейін 2033 өлім жағдайы болса, биыл 4042 адам өлімі тіркелген”, – деді министр.