Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялау аясында 30 млн теңгеден асатын соманы сақтауға қатысты түсініктеме берді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсырады. “Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын қолма-қол ақша көрсетілуі керек. Бұл ретте, заңнамада 30 млн теңгеден асатын қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым салынбаған”, – деп түсіндірді комитет. Яғни жеке тұлғалар ақшаны қалай және қайда сақтайтынын өздері шешеді.