Ақылы жолдардан 25 млрд қаржы түсті

Ақылы жолдардан 25 млрд қаржы түсті. Осы ақшаның бір бөлігі алдымен жолдарды күтіп ұстау мен ақы төлеу жүйесіне жұмсалады. Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бүгінде ел бойынша 2,2 мың шақырымды құрайтын 11 ақылы жол учаскесі бар. Ақылы жолдардың тарифі 2013-2021 жылдар аралығында кезең-кезеңімен енгізілді. Енді жыл соңына дейін көліктің барлық түрлері жаңа абоненттік төлемге көшеді. Ресімдеу тәртібі жуырда «Қазавтожол» сайтына шығады. Еліміздің автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың Республикалық маңызы бар 71 мың шақырым облыстық және аудандық жолдар.