Бұл былтырмен салыстырғанда үш есе көп, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал өткен жылдың эпидемиологиялық маусымы кезінде 2000-ға жуық адам тіркелген еді. Себебі бұған дейінгі жылдары пандемияға байланысты шектеу шаралары болды. Биыл 14 жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтырғандар көп. Дәрігерлер инфекцияның кең таралуын шетел азаматтарының көбеюімен де байланыстырып отыр. Сондықтан дер кезінде екпе алу керектігін ескертеді.