Тараздағы мектептерде сабақ тоқтатылды

Таразда қатты жел салдарынан, мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қалалық Білім бөлімі Төтенше жағдайлар департаментінің ескертуінен соң, балабақша мен мектептердегі оқу процесін тоқтатты. Түнде басталған желдің екпіні секундына 30 метрге жетті. Қазір сәл басылғанымен, төтенше жағдай қызметі облыс аумағында дауыл соғатынын ескертті. Қалың тұман түсіп, көктайғақ болады деген хабарлама таратты.