Қоймада өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға тротилден басқа жарылғыш заттар бары туралы мәлімет берілмеген. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәжілістегі үкімет сағатында осылай деді. Ол жауапкершілікті Қорғаныс министрлігіне жүктеді. Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс болды. Оқиға салдарынан 17 адам қаза тапты, оның 10-ы құтқарушылар. Зардап шеккендер саны 90 адамнан асады