Алматыда жылу құбыры жарылды

Көше бойын бу басып қалды. Оқыс оқиға бүгін Рысқұлов-Жансүгіров жолайрығының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, қою түтін даңғылдың дәл ортасынан шығып, батысқа қарай кетіп жатыр. Жолды көру мүмкін емес болғандықтан полицейлер бұл бағыттағы жолды жауып тастаған. «Қазір оқиға орнында «Алматы жылу жүйесі» компаниясының бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ыстық су беру жедел түрде қалпына келтірілді, зардап шеккендер жоқ»,- делінген хабарламада.