Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ауыл әкімі таяқ жегені белгілі болды

Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ауыл әкімі таяқ жегені белгілі болды.
Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылында бір топ адам түн жарымында төбелес шығарған еді.

Осы оқиғадан кейін облыс әкімінің өзі елдімекенге арнайы барып, жұртты сабырға шақырды. Бес-алты көлікке мінген жастар ауылға баса-көктеп кіріп, үйлерді таспен атқылыпты. Бес үй мен клубтың терзесі сынған. Ал оларды тоқтатуға ауыл әкімі шыққанымен, соққыға жығылып тынған. Абырой болғанда, жарақаты жеңіл. Өзге жапа шеккендер жоқ, деп хабарлады КТК.

Полицейлер елдің үрейін алған 14 адамды ізін суытпай ұстап, қамауға алды. Олардың неліктен мұндай қадамға барғаны тексеріліп жатыр.