Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтің Facebook парақшасына сілтеме жасап. Қожахметов министр Алексей Цойдың тұрғындар наразылығына ұшыраған Ерғали Сыдымановпен болған жайттан хабардар екенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ .

Министр желіде жарияланған видеоларды зерттеп, Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізуге тапсырма берген. Цойдың айтуынша, мұндай іс-әрекет мемлекеттік қызметкер үшін жат. Қожахметовтың жазуынша, министр болған оқиғаға қатысты туындаған қазақстандықтардың наразылығын түсінеді.