Жамбыл облысындағы жарылыстан төрт әскери қаза тапты. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті. Одан бөлек, жоғалып кеткен бірнеше адам іздестіріліп жатқаны белгілі болды. “Ең алдымен өрт сөндіру барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын-туыстарына көңіл айтамыз және жарақат алғандарға тез арада жазылып шығуын тілейміз”, – деді Ермекбаев штабта өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетейік, бүгін сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.